848-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
Баптың ресми мәтіні
1. Осы Кодекс:
1) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 189-бапты;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 92-бапты, 90-тарауды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) 320-баптың 2-тармағының 4) және 10) тармақшалары, 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 13) тармақшасы, 351-баптың 3-тармағының 19) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
2) 286-баптың 15) тармақшасы, 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 15) тармақшасы, 474-баптың 40) тармақшасы, 487-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
3) 17-бап, 238-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы және 2-тармағының 16) тармақшасы, 254-баптың 3-тармағы, 255-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары, 286-баптың 17) тармақшасы, 323-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі, 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 10) және 13) тармақшалары, 338-баптың 4) тармақшасы, 343-бап, 348-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы, 351-баптың 3-тармағы 16) тармақшасының үшінші абзацы және 18) тармақшасы, 368-баптың 2) тармақшасы, 429-баптың 3) тармақшасы, 454-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы, 474-баптың 33), 34) және 48) тармақшалары, 479-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасы, 487-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы, 556-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацы, 592-баптың 3-тармағының 10) тармақшасы, 82-тарау, 681-баптың 11) тармақшасы, 682-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
4) 238-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы, 320-баптың 3, 4 және 5-тармақтары, 323-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігі, 668-баптың 32) тармақшасы 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
5) 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 9) тармақшалары және үшінші бөлігі 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылатын 68-баптың 1-1-тармағын және 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылатын 26-баптың 23-тармағын қоспағанда, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі);
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |