474-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-11-23 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады:

1) осы Кодекстің 475 – 478-баптарында көрсетілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

2) мемлекеттік ислам арнаулы қаржы компаниясының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша сатып алынған ғимараттарды, құрылысжайларды және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша уақытша иеленуге және пайдалануға беруі бойынша көрсетілетін қызметтер;

3) лотерея операторы лотереяға қатысушыға беретін ұтыстар түріндегі мүлік;

4) ЕАЭО-ның кедендік аумағына кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкелінген тауарларды қайта өңдеу және (немесе) жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтер;

5) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің, пәтерлердің (тұрғын емес үй-жайлардың) меншік иелері кооперативінің кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметі шеңберінде көрсетілетін қызметтер;

6) ұлттық валюта банкноттары мен монеталары;

7) егер өткізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ алдыңғы төрт салықтық кезең ішінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталса:

мүгедектігі бар адамдардың орташа саны жұмыскерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құраса;

мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын құраса, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер.

Бұл ретте, егер мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыскерлердің саны кемінде 10 адамды құраса және тауарларды өндіру, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау осындай жұмыскерлердің қатысуымен жүзеге асырылса, осы тармақшаның ережелері қолданылады.

Осы тармақшаның ережелері акцизделетін тауарларды өткізу бойынша айналымдарға қолданылмайды.

Ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберіндегі өткізу бойынша айналымдарға қатысты осы тармақшаның ережелері осы тармақта белгіленген шарттар сақталған кезде, осындай келісімшарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде қолданылады;

8) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сапасына кепілдік беруі көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, қосалқы бөліктері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, тауарларды өтеусіз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

9) егер осы Кодекстің 472-бабында өзгеше белгіленбесе, қор биржасында жасалған мәміле негізінде не егер осындай мәміле тараптарының бірі екінші деңгейдегі банк, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банк шығарған құймадағы аффинирленген алтынды өзінің айырбастау пункттері арқылы сатып алуды және (немесе) сатуды жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйым, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы-заңды тұлға немесе Ұлттық Банк болып табылса, құймалар мен тілімшелер түріндегі инвестициялық алтын;

10) туроператордың келу және ішкі туризм бойынша көрсетілетін қызметтері;

11) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредит (қарыз, микрокредит) бойынша сыйақылар;

12) бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар;

13) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің діни ғұрыптар мен рәсімдер өткізуі бойынша көрсетілетін қызметтер;

15) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттары.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

16) жерлеу бюроларының жерлеу жоралғысы қызметтері, зираттар мен крематорийлердің көрсетілетін қызметтері;

17) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер;

18) Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырма шеңберінде жүзеге асырылатын мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер;

19) музейлердің мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруы және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының кеңінен танылуын қамтамасыз етуі бойынша көрсетілетін қызметтер;

20) кітапханалардың ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын жүзеге асыруы бойынша көрсетілетін қызметтер;

21) театрлар, филармониялар, мәдени-демалыс ұйымдары жүзеге асыратын мәдениет және білім беру саласындағы көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар;

22) қызметтің осы кіші түрін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия негізінде жүргізілетін, тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары;

23) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы білім беру қызметтері;

24) білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиясы бар білім беру ұйымы көрсететін қосымша білім беру бойынша көрсетілетін қызметтер;

25) білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын білім берудің көрсетілетін қызметтері;

26) дербес білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мынадай білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтері:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;

негізгі мектеп;

орта мектеп;

орта білімнен кейінгі білім беру;

жоғары білім беру;

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

27) осы тармақтың 26) тармақшасына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымдары көрсететін қосымша білім берудің көрсетілетін қызметтері;

28) дәрілік заттар және медициналық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде медициналық қызметке арналған лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде;

орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін кешенді түрде көрсететін қызметтері.

Осы тармақшада көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық көрсетілетін қызметтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;

29) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрауыштарының құрамына бұрын әкелінген, осы Кодекстің 479-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына немесе 525-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар, сондай-ақ олардың құрауыштары кірсе;

өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрауыштарының құрамында шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ олардың құрауыштарын әкелуді көрсетілген көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ олардың құрауыштарын өткізетін заңды тұлға жүзеге асырса;

көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы, сондай-ақ олардың құрауыштары инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен, өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрауыштарының тізбесіне енгізілсе, көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы, сондай-ақ олардың құрауыштары;

30) шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

31) Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыруға арналған шарттар, сондай-ақ басым бағыттар бойынша мемлекеттік тапсырыс шарттары негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстар;

32) мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары көрсететін қызметтер;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
33) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.

33) осы Кодекстің 17-бабының шарттарына сәйкес келетін "Астана-Хаб" қатысушылары өндіретін және өткізетін тауарлар;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
34) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.

34) осы Кодекстің 17-бабының шарттарына сәйкес келетін "Астана-Хаб" қатысушылары өткізетін жұмыстар, көрсететін қызметтер;

35) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт) болса;

арнайы экономикалық аймаққа қатысушыға тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар болса;

арнайы экономикалық аймаққа қатысушы-сатып алушының тауарларды алғанын растайтын құжаттар болса, арнайы экономикалық аймақтардың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өндірілген және өткізілетін тауарлар;

36) өткізілетін көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы өндірушіден осы баптың бірінші бөлігінің 29) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынған жағдайда, көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің уәкілетті өкілі болып табылатын заңды тұлғаның көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізуі.

Осы тармақшаны қолдану мақсатында көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушімен жасалған мәміле шеңберінде уәкілетті өкіл болып тағайындалған және өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізбесіне енгізілген заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің уәкілетті өкілі болып танылады.

Өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізбесін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді;

37) тағайындалған оператордың Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес бірыңғай құжаттармен ресімделген, Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу бойынша көрсетілетін қызметтері;

38) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымның қайырымдылық көмегі шеңберінде өтеусіз негіздегі тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

39) бағалы металдарды өндіру субъектілері Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектілеріне өткізетін аффинирленген алтын және (немесе) күміс;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
40) тармақша 01.01.2028 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.

40) мынадай шарттар сақталған кезде:

тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрауыштарын өндіруші үшін – өткізілетін тұрмыстық аспаптың және (немесе) тұрмыстық электроника аспабының, сондай-ақ олардың құрауыштарының құрамына бұрын әкелінген, осы Кодекстің 479-бабының 2-тармағына немесе 525-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар кірсе;

тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрауыштарын өндірушінің уәкілетті өкілі үшін – тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың құрауыштары өндірушіден осы тармақшаға сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса;

тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрауыштарын өткізетін өзге де тұлғалар үшін – көрсетілген тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың құрауыштары өндірушіден немесе уәкілетті өкілден осы тармақшаға сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың құрауыштары.

Осы тармақшаны қолдану мақсатында уәкілетті өкілдердің және тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өткізетін өзге де тұлғалардың тізбесіне енгізілген заңды тұлға тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрауыштарын өндірушінің уәкілетті өкілі және тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрауыштарын өткізетін өзге де тұлға деп танылады.

Осы тармақшаға сәйкес қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің және тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өткізетін өзге де тұлғалардың тізбесін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді;

41) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін концессионердің пайдалануы;

42) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, концессионердің концессия объектісін басқаруы;

43) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторларының қалдықтарды жинауды, тасуды, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы алуы;

44) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (ЕАЭО техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрауыштарының өндірісін ынталандыру шеңберінде кәсіпорындардың қаржыландыруды алуы;

45) осы Кодекстің 175-бабына сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркалары;

46) отандық басылым кітаптары, баспа түрінде кітаптар шығару бойынша көрсетілетін қызметтер;

47) археологиялық жұмыстар;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
48) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.

48) Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабында айқындалған қызмет бойынша өткізетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер.

📘 Бухгалтерге арналған бап талдауы

BuhGPT баптың ресми мәтіні бойынша дайындады; алшақтық болса, бап мәтіні қолданылады.

ҚР СК 2026 жылғы 474-бабына практикалық талдау: айналымдарды ҚҚС-тан босату

Қысқаша

2026 жылғы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 474-бабы Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қосылған құн салығынан босатылатын айналымдардың толық тізбесін белгілейді. Шағын және орта бизнес бухгалтері үшін негізгі практикалық қорытынды — жеңілдік қолданылатын қызмет түрін жүзеге асыру фактісінің өзі босатуға құқық бермейді: салық төлеуші ілеспе нормативтік өлшемшарттарды, сандық шектерді және құжаттық растауға қойылатын талаптарды қатаң сақтауға міндетті.

Кімдерге қатысты

2026 жылғы ҚР СК 474-бабына сәйкес ҚҚС-тан босату салық төлеушілердің мынадай санаттары мен бизнес түрлеріне қолданылады:

Нормада не айтылған

Мөлшерлемелер, сомалар және шектер

Көрсеткіш Мәні Норма
Мүгедектігі бар адамдардың жұмыскерлердің орташа санындағы үлесі кемінде 51% (474-бап 7-тармақша)
Мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың үлесі кемінде 51% (474-бап 7-тармақша)
Мүгедектігі бар жұмыскерлердің ең аз саны кемінде 10 адам (474-бап 7-тармақша)
«Астана Хаб» қатысушылары үшін АКТ саласындағы қызметтің басым түрлерінен түсетін кірістердің үлесі кемінде 90% (17-бап 1-тармақ 2-тармақша)
ҚҚС-тың жалпы мөлшерлемесі Бапта белгіленбеген (474-бап)
ҚҚС бойынша есепке қою үшін айналым шегі Бапта белгіленбеген (474-бап)

Мерзімдер

Не істеу керек Мерзім Норма
Мүгедектігі бар жұмыскерлері бар ұйымдардың жұмыскерлер саны және еңбекақы төлеу қоры бойынша шарттарды сақтау кезеңі Өткізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде және алдыңғы 4 салықтық кезең ішінде (474-бап 7-тармақша)
Мүгедектігі бар жұмыскерлері бар ұйымдардың ұзақ мерзімді келісімшарттары бойынша жеңілдікті қолдану кезеңі Келісімшарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде (474-бап 7-тармақша)
Кепілдік бойынша өтеусіз жөндеу және қызмет көрсету Мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде (474-бап 8-тармақша)
Салықтық есептілікті тапсыру мерзімдері және әкімшілік рәсімдер Бапта белгіленбеген (474-бап)

Мысалдар

1-мысал (Мүгедектігі бар жұмыскерлері бар ұйым)

Компания тоқыма бұйымдарын өндіреді. Ағымдағы салықтық кезеңде және алдыңғы 4 кезеңде штат көрсеткіштері мынадай:

Шешімі: Компания 474-баптың 7-тармақшасындағы барлық өлшемшарттарға сәйкес келеді:

  1. Мүгедектігі бар адамдардың үлесі кемінде 51% (55% >= 51%) (474-бап 7-тармақша).
  2. Мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың үлесі кемінде 51% (53% >= 51%) (474-бап 7-тармақша).
  3. Мүгедектігі бар адамдардың саны кемінде 10 адам (11 >= 10) (474-бап 7-тармақша).
  4. Мүгедектігі бар жұмыскерлердің өндіріске қатысуы құжаттармен расталған (474-бап 7-тармақша). Қорытынды: Осындай жұмыскерлердің қатысуымен өндірілген тоқыма өнімдерін өткізу бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады (474-бап 7-тармақша).

2-мысал (IT-компания / Астана Хаб)

IT-компания «Астана Хабтың» тіркелген қатысушысы болып табылады және бағдарламалық қамтылым әзірледі. Компанияның жылдық жиынтық кірісі 100 млн теңгені құрады, оның ішінде:

Шешімі: Сәйкестік шартын тексереміз: АКТ саласындағы басым қызметтен түсетін кірістің үлесі 92%-ды (92 млн / 100 млн * 100%) құрайды, бұл белгіленген 90% шектен асады (17-бап 1-тармақ 2-тармақша). Қорытынды: 17-баптың қалған шарттарын сақтаған кезде компания жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдануға құқылы (474-бап 34-тармақша).

3-мысал (Кепілдік қызмет көрсету)

Сауда кәсіпорны жабдық сатты. Мәміле талаптарында сапа кепілдігін беру көзделген және 12 ай кепілдік пайдалану мерзімі белгіленген. Кепілдік кезеңі ішінде кәсіпорын қосалқы бөлшектерді ауыстыра отырып, жабдықты өтеусіз жөндеді.

Шешімі: Жөндеу жұмыстары мен бөлшектер мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі шегінде өтеусіз берілді (474-бап 8-тармақша). Қорытынды: Орындалған жөндеу жұмыстары мен пайдаланылған қосалқы бөлшектердің құны ҚҚС-тан босатылады (474-бап 8-тармақша).

Жиі жіберілетін қателер

  1. Мүгедектігі бар жұмыскерлері бар ұйымның акцизделетін тауарларды сату кезінде жеңілдікті қолдануы. Қате: Тоқыма кәсіпорны акцизделетін өнімді (мысалы, алкоголь немесе темекі бұйымдарын) сатып алып, өткізді және осы айналымға ҚҚС-тан босатуды қолданды. Дұрысы: Бухгалтер компанияның штат пен еңбекке ақы төлеу шығыстары бойынша шарттарды орындауына қарамастан, ҚҚС-тан босату акцизделетін тауарларды өткізу бойынша айналымдарға тікелей қолданылмайтынын есте сақтауға міндетті (474-бап 7-тармақша).

  2. Мүгедектігі бар жұмыскерлердің саны 10 адамнан аз болғанда немесе олардың қатысуынсыз ұйымның жеңілдікті пайдалануы. Қате: Компанияда 6 адам жұмыс істейді, олардың 4-еуінің мүгедектігі бар (штаттың 66,7%-ы және еңбекке ақы төлеу шығыстарының 60%-ы). Компания ҚҚС-тан босатуды қолданады. Дұрысы: Босатуды қолдану үшін мүгедектігі бар жұмыскерлердің саны кемінде 10 адам болуға, ал тауарларды өндіру, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау олардың қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс. Бұл жағдайда жеңілдікті қолдану заңсыз (474-бап 7-тармақша).

  3. Ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарынсыз қарыздар бойынша сыйақыларды босату. Қате: Бухгалтер өтеусіз қаржылық көмек шеңберінде немесе кредиттеудің заңды шарттарын сақтамай алынған сомаларды ҚҚС-тан босатады. Дұрысы: Ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) бойынша сыйақылар ғана босатылады (474-бап 11-тармақша).

  4. Бейінді кіріс үлесі 90%-дан төмендеген кезде «Астана Хаб» қатысушысының жеңілдікті қолдануы. Қате: «Астана Хаб» қатысушысы кірісінің 85%-ын АКТ қызметінен және 15%-ын бөгде саудадан алды, бірақ АКТ қызметтерін ҚҚС-сыз өткізуді жалғастырды. Дұрысы: АКТ саласындағы бейінді кірістің үлесі 90%-дан төмендеген кезде ұйым «Астана Хаб» қатысушысына қойылатын талаптарға сәйкес келмейді (17-бап 1-тармақ 2-тармақша) және ҚҚС-тан босатуды қолдану құқығынан айырылады (474-бап 33, 34-тармақшалар, 17-бап 1-тармақ 2-тармақша).

2017 жылғы ҚР СК-мен салыстырғанда не өзгерді

Бұрын (2017 жылғы ҚР СК) Қазір (2026 жылғы ҚР СК) 2026 жылғы норма
Мүгедектігі бар адамдар ұйымдары үшін жұмыскерлер санының үлесі (кемінде 51%) және қызметкерлердің ең аз саны бойынша шектеусіз еңбекақы төлеу қорының үлесі ғана талап етілді (394-бап 11-тармақша). Міндетті талап қосылды: мүгедектігі бар жұмыскерлердің саны кемінде 10 адамды құрауға, ал тауарларды өндіру, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау олардың қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс. (474-бап 7-тармақша)
Есту, сөйлеу және көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары үшін еңбекақы төлеу қорының жеңілдікті мөлшері — кемінде 35% қолданылды (394-бап 11-тармақша). Еңбекақы төлеу қорының төмендетілген 35% шегі алып тасталды. Мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарға бірыңғай талап — еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51%-ы белгіленді. (474-бап 7-тармақша)
Келу туризмін босату тек туроператордың келу туризмі бойынша көрсетілетін қызметтеріне қолданылды (394-бап 15-тармақша). Жеңілдік кеңейтілді: туроператордың келу туризмімен қатар ішкі туризм бойынша көрсетілетін қызметтері де босатылады. (474-бап 10-тармақша)
Кітаптарды өткізу және кітап шығару бойынша көрсетілетін қызметтер 2017 жылғы ҚР СК 394-бабында бөлек босатылмаған. Отандық басылым кітаптарын өткізуді және баспа түрінде кітаптар шығару бойынша көрсетілетін қызметтерді ҚҚС-тан тікелей босату енгізілді. (474-бап 46-тармақша)
Археологиялық жұмыстарды орындау 2017 жылғы ҚР СК 394-бабында болмаған. Археологиялық жұмыстарды орындау бойынша айналымдарды ҚҚС-тан жаңа босату енгізілді. (474-бап 47-тармақша)
Қолжетімділік үшін төлемақы бойынша концессиялық жобаларды босату 2017 жылғы ҚР СК 394-бабында болмаған. Ерекше маңызды жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, концессионердің концессия объектісін пайдалануы және басқаруы кезінде ҚҚС-тан босату енгізілді. (474-бап 41, 42-тармақшалар)
Экологиялық көлік өндірісін ынталандыруды қаржыландыру 2017 жылғы ҚР СК 394-бабында болмаған. Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдары мен олардың құрауыштарының өндірісін ынталандыру шеңберінде кәсіпорындар қаржыландыру алған кезде босату енгізілді. (474-бап 44-тармақша)

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Лицензиясы бар шағын оқу орталығының білім беру қызметтері ҚҚС-тан босатыла ма? Иә, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын білім берудің көрсетілетін қызметтері ҚҚС-тан босатылады (474-бап 25-тармақша).

  2. Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізуге ҚҚС салына ма? Жоқ, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу қосылған құн салығынан босатылады (474-бап 13-тармақша).

  3. Ұйымда штаттың 80%-ын құрайтын мүгедектігі бар 8 адам жұмыс істесе, ҚҚС-тан босату қолданыла ма? Жоқ, босату қолданылмайды, өйткені мүгедектігі бар жұмыскерлердің саны міндетті 10 адамдық шектен аз (474-бап 7-тармақша).

  4. Жерлеу жоралғысы қызметтері мен зираттардың көрсетілетін қызметтері ҚҚС-тан босатыла ма? Иә, жерлеу бюроларының жерлеу жоралғысы қызметтері, сондай-ақ зираттар мен крематорийлердің көрсетілетін қызметтері ҚҚС-тан босатылады (474-бап 16-тармақша).

  5. Акцизделетін тауарларға арналған есепке алу-бақылау маркаларын сатуға ҚҚС салына ма? Жоқ, ҚР СК 175-бабына сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын өткізу ҚҚС-тан босатылады (474-бап 45-тармақша).

AI-ға сұрақ қою →
.