368-бап. Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын тоқтатылған міндеттемелері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған материалдық пайданың мынадай түрлері жеке тұлғаның кірісі болып табылмайды:

1) кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұндай тұлғаға кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) берілгеннен кейін басталған мынадай жағдайларда:

заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қарыз алушы-жеке тұлға хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған немесе заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған;

қарыз алушы-жеке тұлғаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлға қайтыс болған;

асыраушысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;

қарыз алушы-жеке тұлғаның және банк (микроқаржы ұйымы, ипотекалық ұйым) алдында қарыз алушы-жеке тұлғамен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілікте болатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе кірістері болмаған және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына, ипотекалық ұйымға) қайтару туралы қаулысы заңды күшіне енген;

ипотекалық шарт жасасқан кезде негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен сатылған, сондай-ақ кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін мұндай мүлік "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтелмеген кредиттің (ипотекалық қарыздың, ипотекалық тұрғын үй қарызының, микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда тоқтатылған міндеттемелердің сомасы.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің бесінші және алтыншы абзацтарының ережелері:

банктің (ипотекалық ұйымның, микроқаржы ұйымының) жұмыскеріне, банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (ипотекалық ұйыммен, микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;

талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.

2) талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым сатып алған кредит (қарыз) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кезде:

негізгі борышты кешіру;

сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру түрінде түзілген кіріс;

3) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған борышкердің міндеттемелерін есептен шығару.

AI-ға сұрақ қою →
.