343-бап. "Астана Хаб" қатысушыларының қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруы кезіндегі зияткерлік меншік объектісі бойынша залал

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

343-бап 01.01.2029 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.

1. "Астана Хаб" қатысушыларының қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруы кезінде зияткерлік меншік объектісі бойынша залал осы Кодекстің 255-бабында көрсетілген жылдық жиынтық кірістің азайтуы ескеріле отырып, осы бөлімде көзделген шегерімдердің жылдық жиынтық кірістен асып кетуі ретінде айқындалады. Залал зияткерлік меншіктің әрбір объектісі бойынша айқындалады.

2. "Астана Хаб" қатысушылары қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде зияткерлік меншік объектісі бойынша залалдар талап қою мерзімі шегінде зияткерлік меншіктің әрбір объектісі бойынша келесі салықтық кезеңдерге ауыстырылады және осы салықтық кезеңдер үшін салық салынатын кіріс есебінен өтеледі.

AI-ға сұрақ қою →
.