255-бап. Жылдық жиынтық кірісті азайту

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Салық салынатын кірісті айқындау мақсатында салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісі мынадай кірістерге азайтылуға жатады:

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.

1) Қазақстан Республикасында бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі алған дивидендтерден басқа, осы Кодекстің 681-бабының 7) тармақшасында айқындалған шарттарға сәйкес келмейтін дивидендтер;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.

2) цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаның цифрлық майнинг бойынша қызметтен түсетін кірісі осы Кодекстің 325-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған цифрлық активтерді өткізуден түсетін кірісі;

3) сенімгерлік басқару құрылтайшысы алған (оның алуына жататын), мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін таза кіріс;

4) осы Кодекстің 329-бабының 1-тармағында көзделген коммерциялық емес ұйымның кірістері;

5) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламасына, ҰКП операторы болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық емес қолдау түрінде бюджет қаражаты есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны.

2. Салық салынатын кірісті айқындау мақсатында осы тармақта көзделген салық төлеушілер жылдық жиынтық кірісті мынадай кірістерге азайтады:

1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабында көрсетілген екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның кірістері;

2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан осындай ұйымға бұрын берілген, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты екінші деңгейдегі банк алған талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірістер.

AI-ға сұрақ қою →
.