682-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістері мынадай мөлшерлемелер бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады:

1) осы тармақтың 2) – 9) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 679-бабында айқындалған кірістер – 20 пайыз;

2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 15 пайыз;

3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 5 пайыз;

4) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін кірістер – 5 пайыз;

5) осы тармақтың 6) – 7) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, құн өсімінен түсетін кірістер, дивидендтер, сыйақылар, роялти – 15 пайыз;

6) дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға капиталының кемінде жиырма бес пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғаға төленетін дивидендтер:

№

Салық салынатын кіріс сомасы

Мөлшерлемесі

1

230 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін* (қоса алғанда)

5 пайыз

2

230 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары*

230 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі кіріске салынатын салық сомасы* + одан асатын сомадан 15 пайыз

*осы баптың 6) және 8) тармақшаларын қолдану мақсатында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

7) кредиттер (қарыздар), борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар – 10 пайыз;

8) осы Кодекстің 693-бабының 3-тармағында көрсетілген кірістер:

№

Салық салынатын кіріс сомасы

Мөлшерлемесі

1

8 500 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін* (қоса алғанда)

10 пайыз

2

8 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары*

салық салынатын кірістен алынатын салық сомасы айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшерінде* + одан асатын сомадан 15 пайыз

9) құмар ойындағы ұтыстар және (немесе) бәс тігу түріндегі кірістер – 10 пайыз.

Салық төлеуші осы Кодексте белгіленген тәртіппен халықаралық шартта белгіленген мөлшерлемелерді қолдануға құқылы.

2. Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның кірістері 20 пайыз мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақтың бірінші бөлігі 01.01.2029 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.

3. Осы Кодекстің 17-бабында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 17-бабында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер, сондай-ақ осы Кодекстің 17-бабында аталған заңды тұлғалардан алынған дивидендтер 5 пайыз мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады.

Осы баптың ережесі Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке қолданылмайды.

AI-ға сұрақ қою →
.