805-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша салықтық кезең үшін осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 345-бабында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша есептелген, осы Кодекстің 337-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ осы Кодекстің 338 – 344-баптарына сәйкес ауыстырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірістің көбейтіндісі ретінде айқындалады.

AI-ға сұрақ қою →
.