344-бап. Қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Осы Кодекстің 338-бабында белгіленген, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар жаңадан құрылған салық төлеушілер арасында бөлу балансы негізінде берілетін активтер құнының бөлу балансы жасалған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға активтерінің құнындағы үлес салмағына пропорционалды түрде бөлінеді. Берілген залалдар есепке алынады және оларды жаңадан құрылған салық төлеушілер осы Кодекстің 339 – 343-баптарында айқындалған тәртіппен ауыстырады.

2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, заңды тұлға қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның құқық мирасқорындағы залалдары есепке алынбайды.

3. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның залалдары құқық мирасқорына әрбір қайта ұйымдастыру кезінде бір рет беріледі және оларды құқық мирасқоры осы Кодекстің 339 – 343-баптарында айқындалған тәртіппен ауыстырады.

AI-ға сұрақ қою →
.