835-бап. Экспортқа рента салығын төлеушілер бойынша өтпелі ережелер
Баптың ресми мәтіні
Осы Кодекстің 746-бабының бірінші бөлігі үшінші абзацының қолданысы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"жер қойнауын пайдалануға баламалы салық төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнай мен газ конденсаты экспортының көлемдері кірмейді.".