778-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері жылдық өндіру көлемі мен осы Кодекстің 776-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған әлемдік баға негізге алына отырып, тіркелген мәнде мынадай шәкіл бойынша белгіленеді:

1) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда:

Р/с №

Жылдық өндіру көлемі

Мөлшерлемелер, %-бен

1

2

3

1.

250 000 тоннаны қоса алғанға дейін

5,0

2.

500 000 тоннаны қоса алғанға дейін

7,0

3.

1 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

8,0

4.

2 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

9,0

5.

3 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

10,0

6.

4 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

11,0

7.

5 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

12,0

8.

7 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

13,0

9.

10 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

15,0

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

18,0

Мұнайды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында, оның ішінде заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу есебіне мемлекет атынан алушыға өткізген және (немесе) берген жағдайда немесе осы Кодекстің 774-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында айқындалған тәртіппен өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады.

2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап:

Р/с №

Жылдық өндіру көлемі

Барреліне мұнай құны, АҚШ доллары

20

30

40

50

60

70

80

90

1.

250 000 тоннаға дейін

19%

19%

19%

26%

30%

33%

35%

36%

2.

500 000 тоннаға дейін

21%

21%

21%

28%

32%

35%

37%

38%

3.

1 000 000 тоннаға дейін

22%

22%

22%

29%

33%

36%

38%

39%

4.

2 000 000 тоннаға дейін

23%

23%

23%

30%

34%

37%

39%

40%

5.

3 000 000 тоннаға дейін

24%

24%

24%

31%

35%

38%

40%

41%

6.

4 000 000 тоннаға дейін

25%

25%

25%

32%

36%

39%

41%

42%

7.

5 000 000 тоннаға дейін

26%

26%

26%

33%

37%

40%

42%

43%

8.

7 000 000 тоннаға дейін

27%

27%

27%

34%

38%

41%

43%

44%

9.

10 000 000 тоннаға дейін

29%

29%

29%

36%

40%

43%

45%

46%

10.

10 000 000 тоннаға дейін

32%

32%

32%

39%

43%

46%

48%

49%

Кестенің жалғасы

Барреліне мұнай құны, АҚШ доллары

100

110

120

130

140

150

160

170

180

190

200

38%

40%

42%

43%

46%

47%

48%

51%

52%

54%

53%

40%

42%

44%

45%

48%

49%

50%

53%

54%

56%

55%

41%

43%

45%

46%

49%

50%

51%

54%

55%

57%

56%

42%

44%

46%

47%

50%

51%

52%

55%

56%

58%

57%

43%

45%

47%

48%

51%

52%

53%

56%

57%

59%

58%

44%

46%

48%

49%

52%

53%

54%

57%

58%

60%

59%

45%

47%

49%

50%

53%

54%

55%

58%

59%

61%

60%

46%

48%

50%

51%

54%

55%

56%

59%

60%

62%

61%

48%

50%

52%

53%

56%

57%

58%

61%

62%

64%

63%

51%

53%

55%

56%

59%

60%

61%

64%

65%

67%

66%

Мұнайды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында, оның ішінде заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу есебіне мемлекет атынан алушыға өткізген және (немесе) берген жағдайда немесе осы Кодекстің 774-бабы 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында айқындалған тәртіппен өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгіленген мөлшерлемелерге көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын теңестіру коэффициенті қолданылады.

Шикі газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 10 пайызды құрайды.

Ішкі нарықта шикі газды өткізу кезінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша төленеді:

Р/с
№

Жылдық өндіру көлемі

Мөлшерлемелер, %-бен

1

2

3

1.

1,0 млрд текше м-ді қоса алғанға дейін

0,5

2.

2,0 млрд текше м-ді қоса алғанға дейін

1,0

3.

2,0 млрд текше м-ден жоғары

1,5

2. Рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орындары (кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) үшін мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы мөлшерлемелерін көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

AI-ға сұрақ қою →
.