695-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған бейрезидент-жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі
Баптың ресми мәтіні
1. Осы баптың ережелерi бейрезидент-жеке тұлғаның осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық агенті болып табылмайтын тұлғадан Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістеріне қолданылады.
2. Бейрезидент-жеке тұлғаның осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық агенті болып табылмайтын тұлғадан Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерінен жеке табыс салығын есептеу салықтық шегерiмдер жүзеге асырылмай, кірістің есептелген сомасына осы Кодекстiң 682-бабында белгiленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргiзiледi.
3. Жеке табыс салығын төлеудi бейрезидент-жеке тұлға салықтық кезең үшін жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгі күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей дербес жүргiзедi.