685-бап. Салықтық есептілікті ұсыну
Баптың ресми мәтіні
Салық агентi өзінің тұрған жеріндегі салық органына бейрезиденттiң кірісінен төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы және Қазақстан Республикасындағы көздерден кез келген төлем бойынша есеп-қисапты мынадай мерзiмдерде:
1) бірінші, екінші және үшінші тоқсандар үшін – бейрезидентке кірісті төлеу жүргізілген тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей;
2) төртінші тоқсан үшін – бейрезидентке кірісті төлеу жүргізілген және (немесе) бейрезиденттің есепке жазылған, бірақ төленбеген кірісі шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 358-бабының 1-тармағында белгіленген есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынуға мiндеттi.