358-бап. Салықтық кезең

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл корпоративтік табыс салығы үшiн салықтық кезең болып табылады.

2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салықтық кезең болып табылады.

Бұл ретте осы баптың мақсаттары үшін заңды тұлғаның тіркеуші органда мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып табылады.

3. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салықтық кезең болып табылады.

4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға сол жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салықтық кезең болып табылады.

5. Салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде тек қана арнаулы салық режимін қолданған уақыт кезеңі салықтық кезеңге кірмейді.

AI-ға сұрақ қою →
.