98-бап. Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінен шығарудың ерекшеліктері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебінен жеке тұлғаны шығаруды салық органы осы Кодекстің 5-тарауының 3-параграфында айқындалған тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалмаған салықтық міндеттемелері болмаған жағдайда, салық органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.

2. Жеке тұлға салық органында қағаз жеткізгіште немесе салық органының ақпараттандыру объектілері арқылы оны дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебінен шығарғаны (алып тастаудан бас тартқаны) туралы растама алуға құқылы.

AI-ға сұрақ қою →
.