97-бап. Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебіне қою және тіркеу мәліметтерін өзгертудің ерекшеліктері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебіне қою қызметтің басталғаны туралы хабарламаның негізінде жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынған жеке тұлға дара кәсіпкерді тіркеу есебіне қойылмайды.

3. Тіркеу мәліметтерін өзгертуді салық органы тіркеу деректері, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылған дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның қызметінің басталғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізеді.

AI-ға сұрақ қою →
.