84-бап. Салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Салық органы осы Кодексте айқындалған жағдайларда салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін (бұдан әрі – қамтамасыз ету тәсілі) қолданады.

2. Қамтамасыз ету тәсілдері – салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені тиісінше орындауын ынталандыратын мүліктік және (немесе) шектеу сипатындағы шаралар.

3. Мыналар қамтамасыз ету тәсілдері болып табылады:

1) өсімпұлдарды есепке жазу;

2) шығыс операцияларын тоқтата тұру;

3) мүлікке билік етуді шектеу;

4) электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру;

5) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурстарына және (немесе) интернет-алаңына қолжетімділікті шектеу (бұдан әрі – интернет-ресурстарға және (немесе) интернет алаңға қолжетімділікті шектеу).

4. Осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қамтамасыз ету тәсілдерінің:

1) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген сомалар бөлігінде салық төлеушіні банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап;

2) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген сомалар бөлігінде оңалту рәсімінің жоспарын бекіту туралы келісімді сот бекіткен күннен бастап;

3) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімге енгізілген сомалар бөлігінде осындай келісімді бекіту туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап;

4) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап;

5) екінші деңгейдегі банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап;

6) осы Кодекстің 86-бабының 7-тармағында және 87-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда күші жойылуға тиіс.

5. Осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану:

1) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға уәкілетті органға шағым жасалған жағдайда:

уәкілетті орган шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарғанға дейін;

шағымды қарау нәтижелері бойынша қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім шығарылған сәттен бастап он бес жұмыс күніне;

2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасалған жағдайда шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

AI-ға сұрақ қою →
.