837-бап. Инвестициялық басым жобаны іске асыру кезінде инвестициялық келісімшартта көзделген талаптарды және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық міндеттемелер туралы келісімдер үшін көзделген талаптарды сақтау

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес іске асырылатын инвестициялық басым жоба бойынша оның қолданылу мерзімі өткенге дейін:

1) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік бөлігінде;

2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жасалған келісімшарттар бойынша салық преференциялары және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік бөлігінде осы келісімшарт талаптары сақталады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық міндеттемелер туралы келісімдер бойынша салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік сақталады деп белгіленсін.

AI-ға сұрақ қою →
.