794-бап. Роялти мөлшерлемелері
Баптың ресми мәтіні
Роялти мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
Р/с № | Тауар өнімінің түрі | Мөлшерлемелер, пайызбен (%) |
1 | 2 | 3 |
1. | Жер қойнауынан өндірілген, бөлшектеу, електеу, ұсақтау, жіктеу (сұрыптау) процесінен өткен кен шикізаты, тау-кен өндіру, тау-кен өңдеу немесе энергетика өндірісінің мемлекеттік және өз қалдықтары | 13 |
2. | Байыту өндірісінің концентраттары және бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нәтижесі болып табылатын өзге де өнімдер мен өз қалдықтары | 10 |
3. | Химиялық-металлургиялық қайта бөлудің нәтижесі болып табылатын металдар мен қорытпалар, өзге де өнімдер мен өз қалдықтары | 7 |