79-бап. Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Заңды тұлғаның салықтық міндеттемесі:

1) мұндай тұлға таратылғаннан;

2) мұндай тұлға қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.

2. Дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салықтық міндеттемесі мұндай адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.

3. Жеке тұлғаның салықтық міндеттемесі ол қайтыс болған немесе осы Кодекстің 73-бабының ережелері ескеріле отырып заңды күшіне енген сот актісінің негізінде қайтыс болды деп жарияланған жағдайда тоқтатылады.

AI-ға сұрақ қою →
.