767-бап. Төлеушілер

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқанға дейін келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады.

2. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:

пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы заңнамасына сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілсе;

пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақ Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген аумаққа жатпайтын болса, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеуші болып табылмайды.

AI-ға сұрақ қою →
.