762-бап. Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусын есептеу ерекшеліктері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияны қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия бойынша қол қою бонусының сомасы қол қою бонусын төлейтін күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілген мөлшерлеме негізге алына отырып есептеледі:

Р/с №

Атауы

Мөлшерлеме АЕК-пен

1

2

3

1.

Барлауға арналған лицензия

100

2.

Өндіруге арналған лицензия

200

3.

Кен іздеушілікке арналған лицензия:


3.1.

берілген аумақтың алаңы 17 000 м2-ге дейін болған кезде

9

3.2.

берілген аумақтың алаңы 17 000 м2-ден 33000 м2-ге дейін болған кезде

12

3.3.

берілген аумақтың алаңы 33 000 м2-ден 50 000 м2-ге дейін болған кезде

15

4.

Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия

50

5.

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия

400

AI-ға сұрақ қою →
.