698-бап. Халықаралық шартты қолдану талаптары мен тәртібі

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт (бұдан әрі – халықаралық шарт) осындай шарт жасасқан мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

Егер резидент халықаралық шарттың ережелерін халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесі үшін пайдаланса, осы баптың ережелері халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің осы резидентіне қолданылмайды.

2. Халықаралық шарттың ережелерін қолдану осы Кодексте және тиісті халықаралық шартта айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Егер халықаралық шартқа салық базасының бұлыңғырлануына және салық салудан пайданы шығаруға қарсы іс-қимыл мақсатында салық келісімдеріне қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты халықаралық шартпен (бұдан әрі – көпжақты халықаралық шарт) өзгерістер енгізілсе, осындай халықаралық шарт енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, қолданылады.

3. Салық агенті осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің кірістерінен есептелген табыс салығының сомасын бейрезиденттің кірісінен ұстап қалмай өз қаражаты есебінен төлеген кезде халықаралық шарттың ережелері қолданылмайды.

AI-ға сұрақ қою →
.