694-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны ұсыну
Баптың ресми мәтіні
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті тоқсан сайын, есепті салықтық кезеңдер кіретін тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей салық төлеу орнындағы салық органына ұсынады.