675-бап. Алу объектілері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Консулдық алым мынадай консулдық әрекеттер жасағаны үшін алынады:

1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы жолданымдарын пысықтау және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқама жіберу;

3) Қазақстан Республикасының визаларын беру;

4) Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәлік беру;

5) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiшхаттарын ресiмдеу;

6) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi бойынша құжаттарды ресiмдеу;

7) азаматтық хал актiлерiн тiркеу;

8) құжаттарды талап етіп алдыру;

9) құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі өткізу;

10) нотариаттық әрекеттер жасау;

11) консулдық мекемеде өсиеттерді, құжаттар бар пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерлікті қоспағанда) сақтау;

12) жария сауда-саттықтарда тауарларды немесе өзге де мүлікті сату;

13) мүлікті немесе ақшалай сомаларды тиесілігі бойынша беру үшін алты айға дейінгі мерзімге депозитке қабылдау;

14) заңды тұлғалардың мекенжайына дипломатиялық поштамен құжаттар жіберу;

15) кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру;

16) Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру;

17) Қазақстан Республикасының шетелдегі кемесінің немесе жүгінің опат болуы немесе зақымдануы (кемелердің кеме апатына ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акт жасау;

18) заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру.

AI-ға сұрақ қою →
.