673-бап. Жалпы ережелер
Баптың ресми мәтіні
Консулдық алым Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, Сыртқы істер министрлігі консулдық әрекеттер жасағаны және заңдық мәні бар құжаттар бергені үшін шетел азаматтарынан, азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдік бейрезидент-заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алатын, бюджетке төленетін төлем болып табылады.