670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Бапқа өзгерістер енгізілген: ҚР 11.06.2026 Заңы.

Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:

1) Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде:

Қазақстан Республикасымен консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары;

мыналарға:

Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Халық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, мемлекеттік органдардың, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің шақырулары бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетел азаматтарына;

Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетел азаматтарына;

шетелдік инвесторларға;

этникалық қазақтарға;

өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларды келісу туралы өтінішхат беретін қабылдаушы тұлғалар;

2) мыналарға:

Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Халық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, мемлекеттік органдардың, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетіндерге;

Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетел азаматтарына;

этникалық қазақтарға;

өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;

шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне баратын, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдарға;

шетелдік инвесторларға Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға виза бергені, оны қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін;

3) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің, Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін.

Ескерту. 670-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 308-VIIІ (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
AI-ға сұрақ қою →
.