616-бап. Рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-11-23 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері осындай алымдар төлеу күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады.

2. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым мөлшерлемелері:

1) мыналарды:

халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін – АЕК-тің 1 еселенген мөлшерін;

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін – АЕК-тің 10 еселенген мөлшерін;

2) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіргені (шыққаны), Қазақстан Республикасының аумағымен транзиттеу үшін – АЕК-тің 30 еселенген мөлшерін;

3) ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін – осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлерді құрайды.

3. Ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым мөлшерлемелері:

1) автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) жалпы нақты массасының жол берілетін жалпы массадан асып кеткені үшін – асып кеткен әрбір тонна (толық еместі қоса алғанда) үшін АЕК-тің 0,005 еселенген мөлшерін құрайды.

Автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) жалпы нақты массасының жол берілетін жалпы массадан асып кеткені үшін алым сомасы көрсетілген алым мөлшерлемесін осындай асып кету мөлшеріне және маршрут бойынша тасымалдаудың тиісті арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы айқындалады;

2) автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) нақты осьтік жүктемелерінің жол берілетін осьтік жүктемелерден асып кеткені үшін (әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үш еселенген осьтер үшін):

Р/с №

Жол берілетін осьтік жүктемелерден нақты асып кету, %

Жол берілетін осьтік жүктемелерден асып кеткені үшін тариф (АЕК)

1

2

3

1.

10 %-ды қоса алғанға дейін

0,011

2.

10,0 %-дан 20,0 %-ды қоса алғанға дейін

0,014

3.

20,0 %-дан 30,0 %-ды қоса алғанға дейін

0,190

4.

30,0 %-дан 40,0 %-ды қоса алғанға дейін

0,380

5.

40,0 %-дан 50,0 %-ды қоса алғанға дейін

0,500

6.

50,0 %-дан жоғары

1

Алым сомасы жол берілетін осьтік жүктемелерден нақты асып кеткен мөлшерге сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдаудың арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы айқындалады;

3) автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін:

Р/с №

Автокөлік құралдарының габариттік өлшемдері, метрмен

Жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін мөлшерлемелер (АЕК)

1

2

3

1.

Биіктігі:


1.1.

4-тен жоғары 4,5-ті қоса алғанға дейін

0,009

1.2.

4,5-тен жоғары 5-ті қоса алғанға дейін

0,018

1.3.

5-тен жоғары

0,036

2.

Ені:


2.1.

2,55-тен (изометриялық шанақтар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ті қоса алғанға дейін

0,009

2.2.

3-тен жоғары 3,75-ті қоса алғанға дейін

0,019

2.3.

3,75-тен жоғары

0,038

3.

Ұзындығы:


3.1.

жол берілетін ұзындықтан асып кететін әрбір метр (толық еместі қоса алғанда) үшін

0,004

Автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

биіктік бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің биіктік бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы, қосу ені бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің мөлшеріне ені бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы, қосу ұзындық бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің ұзындық бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы.

4. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар бергені үшін алым) мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Лицензияланатын қызмет түрлері

Алым мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері:


1.1.

Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану

10

1.2.

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу

10

1.3.

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау

100

1.4.

Ядролық материалдармен жұмыс істеу

50

1.5.

Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

10

1.6.

Иондандырушы сәулені генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

5

1.7.

Атом энергиясын пайдалану саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну

5

1.8.

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу

50

1.9.

Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондандырушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау

50

1.10.

Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет

10

1.11.

Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою

10

1.12.

Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану

10

1.13.

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облыс ішiндегі қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақсыз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау

3

1.14.

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет

6

1.15.

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет

20

1.16.

Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру)

9

1.17.

Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және өткізу

20

1.18.

Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету

20

1.19.

Ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелуге және ЕАЭО-ның кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру

0

1.20.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелуге және ЕАЭО-ның кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру

0

1.21.

Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарға жатқызу нысанасына техникалық зерттеу жүргізу

0

1.22.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу

0

1.23.

Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтауыш бұйымдар мен аспаптарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнаулы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу

22

1.24.

Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау

22

1.25.

Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақты, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу

22

1.26.

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау

10

1.27.

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану

10

1.28.

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет

186

1.29.

Байланыс саласында қызметтер көрсету

6

1.30.

Білім беру қызметі

10

1.31.

Теле-, радиоарналарын тарату жөнiндегi қызмет

6

1.32.

Медициналық қызмет

10

1.33.

Фармацевтикалық қызмет

10

1.34.

Адвокаттық қызмет

6

1.35.

Нотариаттық қызмет

6

1.36.

Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызмет

6

1.37.

Аудиторлық қызмет

10

1.38.

Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету

50

1.39.

Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы

6

1.40.

Туроператорлық қызмет

10

1.41.

Ветеринария саласындағы қызмет

6

1.42.

Сот-сараптама қызметі

6

1.43.

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру

10

1.44.

Мыналар жүзеге асыратын банк операциялары*:


1.44.1.

екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары

800

1.44.2.

банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

400

1.45.

банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру жөніндегі операциялары

800

1.46.

банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары жүзеге асыратын өзге де операциялар

800

1.46.1.

Микроқаржылық қызмет

30

1.47.

Қызметін Ұлттық Банктің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың операциялары

40

1.48.

Өмірді сақтандыру саласындағы қызмет**

500

1.49.

Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет**

500

1.50.

Ерекше қызмет түрі ретінде қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

500

1.51.

Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

200

1.52.

Сақтандыру брокерінің қызметі

300

1.53.

Актуарийлік қызмет

10

1.54.

Брокерлік қызмет

30

1.55.

Дилерлік қызмет

30

1.56.

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет

30

1.57.

Кастодиан қызметі

30

1.58.

Трансферагенттік қызмет

10

1.59.

Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

1.60.

Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг қызметі

40

1.61.

Іздестіру қызметі

10

1.62.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

10

1.63.

Жобалау қызметі

10

1.64.

Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

1.65.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау

10

1.66.

Этил спиртін өндіру

3 000

1.67.

Сыра қайнату өнімінен басқа, алкоголь өнімін өндіру

3 000

1.68.

Сыра қайнату өнімін өндіру

2 000

1.69.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін

200

1.70.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметін мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:


1.70.1.

астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда

100

1.70.2.

аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде

70

1.70.3.

ауылдық елді мекендерде

30

1.71.

Темекі бұйымдарын өндіру

500

1.72.

Тауарлардың экспорты мен импорты

10

1.73.

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты

10

1.74.

Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету

10

1.75.

Ойын бизнесі саласындағы қызмет:


1.75.1.

казино және ойын автоматтары залы үшін

3845

1.75.2.

тотализатор және букмекерлік кеңсе үшін

640

1.76.

Тауар биржалары саласындағы қызмет:


1.76.1.

тауар биржасы үшін

10

1.77.

Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау бойынша қызметтер көрсету

10

1.78.

І кіші түр – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы

2 000

1.79.

ІІ кіші түр – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналастырылған, өзіне меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы

5

2.

Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемелері:


2.1.

1.45. – 1.47.1., 1.49. – 1.53., 1.67. – 1.74.-тармақтарда көрсетілгендерді қоспағанда, барлық қызмет түріне

осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 100 %-ы

2.2.

1.45. – 1.47.1., 1.49. – 1.53.-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне

осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10 %-ы

2.3.

1.67 – 1.74-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне

1

3.

Лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлемелер:


3.1.

тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, барлық лицензия түрлері үшін

осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10 %-ы

3.2.

тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдегені үшін

1

Ескертпе.

*Әрбір банктік операция үшін; ** әрбір сақтандыру сыныбы үшін.

5. Көмірсутектер саласындағы қызметтің жекелеген кіші түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензия беру үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Лицензияланатын қызметтің кіші түрлері

Алым мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Қызметтің жекелеген кіші түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым мөлшерлемелері:


1.1.

көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер

100

1.2.

көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары

100

1.3.

көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар

100

1.4.

көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары

100

1.5.

көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықтағы, теңіздегі және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау

100

1.6.

көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жерасты жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою

100

1.7.

көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу

100

1.8.

көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қыртыстарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту

100

1.9.

теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар

100

1.10.

мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану

100

1.11.

көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарының әзірлемелерін талдау

100

1.12.

көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау

100

1.13.

магистральдық құбыржолдарды пайдалану

100

2.

1.1 – 1.13-тармақтарда көрсетілген қызметтің кіші түрлеріне лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлеме (лицензия алуға өтініш электронды түрде берілген кезде)

лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 8 %

3.

Лицензияның телнұсқасы берілгені үшін алым мөлшерлемесі (лицензия алуға өтініш электронды түрде берілген кезде)

лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 80 %

6. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

7. АХҚО-ның инвестициялық резиденті болып табылатын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін алым мөлшерлемесі 7 000 АЕК-ті құрайды.

📘 Бухгалтерге арналған бап талдауы

BuhGPT баптың ресми мәтіні бойынша дайындады; алшақтық болса, бап мәтіні қолданылады.

ҚР СК 2026 жылғы 616-бабын «Рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері» практикалық талдау

Қысқаша

ҚР 2026 жылғы Салық кодексінің 616-бабы лицензияларды, автокөліктің жүріп өтуіне арналған рұқсаттарды және өзге де рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алымдардың АЕК-ке еселенген мөлшердегі тіркелген мөлшерлемелерін белгілейді (616-бап 1-тармақ). Бухгалтер үшін негізгі практикалық қорытынды — алым мөлшері төлем жасалған күні қолданыста болатын АЕК бойынша есептеледі (616-бап 1-тармақ). Төлеудің нақты мерзімдері мен операциялық тәртібін Кодекстің өзге нормаларынан қарау қажет, өйткені 616-бап тек мөлшерлемелердің мөлшерлерін реттейді (616-бап).

Кімдерге қатысты

616-баптың күші салық төлеушілер мен бизнес субъектілерінің мынадай санаттарына қолданылады:

Нормада не айтылған

Мөлшерлемелер, сомалар және шектер

Көрсеткіш Мәні Норма
Отандық автокөліктің шығуы (халықаралық тасымалдар) 1 АЕК 616-бап 2-тармақ 1-тармақша
Күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсат ала отырып, жолаушылар мен багажды тұрақты халықаралық тасымалдау кезінде отандық автокөліктің шығуы 10 АЕК 616-бап 2-тармақ 1-тармақша
Шетелдік автокөліктің кіруі/шығуы/транзиті 30 АЕК 616-бап 2-тармақ 2-тармақша
Автокөліктің жалпы массасынан асып кету тонна/км үшін 0,005 АЕК 616-бап 3-тармақ 1-тармақша
Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу (астанада/облыстық маңызы бар қалаларда) 100 АЕК 616-бап 4-тармақ кестенің 1.70.1-тармағы
Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу (ауылдық елді мекендерде) 30 АЕК 616-бап 4-тармақ кестенің 1.70.3-тармағы
Цифрлық майнинг (деректерді өңдеу орталығы бар) 2 000 АЕК 616-бап 4-тармақ кестенің 1.78-тармағы
Цифрлық майнинг (деректерді өңдеу орталығы жоқ) 5 АЕК 616-бап 4-тармақ кестенің 1.79-тармағы
Лицензиялардың көпшілігін қайта ресімдеу беру мөлшерлемесінің 10%-ы 616-бап 4-тармақ кестенің 3.1-тармағы
Көмірсутектер саласындағы лицензия 100 АЕК 616-бап 5-тармақ кестенің 1.1–1.13-тармақтары
Көмірсутектерге арналған лицензияны қайта ресімдеу (электронды түрде) мөлшерлеменің 8%-ы 616-бап 5-тармақ кестенің 2-тармағы
Көмірсутектерге арналған лицензияның телнұсқасы (электронды түрде) мөлшерлеменің 80%-ы 616-бап 5-тармақ кестенің 3-тармағы
АХҚО инвестициялық резидентіне құжат беру 7000 АЕК 616-бап 7-тармақ

Мерзімдер

Не істеу керек Мерзімі Норма
616-бапта төлеу мерзімдері белгіленбеген Бапта белгіленбеген 616-бап

616-бап алым мөлшерлемелерінің мөлшерлері мен оларды есептеу алгоритмдерін ғана қамтиды.

Мысалдар

1-мысал (Ауылдық жерде алкогольді бөлшек саудада өткізу)

Шарт: Ұйым ауылдық елді мекенде орналасқан дүкен үшін алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия ресімдейді.
Есептеу:
Лицензиялық алымдар кестесіне сәйкес ауылдық елді мекендерде алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия бергені үшін мөлшерлеме әрбір қызмет объектісіне 30 АЕК құрайды (616-бап 4-тармақ кестенің 1.70.3-тармағы).
Төленетін жиыны: 30 АЕК.

2-мысал (Лицензияны қайта ресімдеу)

Шарт: Компания құрылыс лицензиясын (құрылыс-монтаждау жұмыстары) қайта ресімдеуге құжаттар береді.
Есептеу:

  1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензияны бастапқы бергені үшін алымның базалық мөлшерлемесі 10 АЕК құрайды (616-бап 4-тармақ кестенің 1.62-тармағы).
  2. Лицензияны қайта ресімдегені үшін мөлшерлеме бастапқы мөлшерлеменің 10%-ын құрайды (616-бап 4-тармақ кестенің 3.1-тармағы).
  3. Формула: 10 АЕК * 10% = 1 АЕК.
    Төленетін жиыны: 1 АЕК.

3-мысал (Салмағы ауыр көлік — массадан асып кету)

Шарт: Тасымалдаушы жүкті ҚР аумағы бойынша тасымалдайды. Автокөлік құралының жол берілетін жалпы массасынан 4 тоннаға асып кеткені анықталды. Маршруттың ұзындығы 150 км.
Есептеу:

  1. Массадан асып кеткені үшін алым мөлшерлемесі бір километрге асып кеткен әрбір тонна үшін 0,005 АЕК құрайды (616-бап 3-тармақ 1-тармақша).
  2. Формула: 0,005 АЕК * 4 тонна * 150 км = 3 АЕК.
    Төленетін жиыны: 3 АЕК.

Жиі жіберілетін қателер

2017 жылғы ҚР СК-мен салыстырғанда не өзгерді

Бұрын (2017 жылғы ҚР СК) Қазір (2026 жылғы ҚР СК) 2026 жылғы норма
554-бап 5-тармақта телевизия және радио ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін мөлшерлемелердің жеке кестесі болды. Телевизия және радио ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған мөлшерлемелер кестесі баптан толығымен алып тасталды. 616-бап
554-бап 8-тармақта банк және сақтандыру нарықтарының қатысушыларына рұқсат беру құжаттары мен келісімдер бергені үшін мөлшерлемелер кестесі болды. Банк және сақтандыру нарықтарының қатысушыларына арналған алым мөлшерлемелерінің кестесі баптан толығымен алып тасталды. 616-бап
Көмірсутектерді лицензиялау 554-баптың жеке 4-1-тармағында болды. Цифрлық майнинг жалпы кестеде 1.86 және 1.87 нөмірлерімен орналастырылды. Көмірсутектер саласындағы қызметті лицензиялау 616-баптың жеке 5-тармағына бөлінді. Күші жойылған тармақтардың алып тасталуына байланысты цифрлық майнинг 4-тармақтың кестесінде 1.78 және 1.79-тармақтар болып қайта нөмірленді. 616-бап 4-тармақ, 5-тармақ
Лицензиялық алымдар кестесіндегі қызмет түрлерінің нөмірленуі бұрын күші жойылған тармақтарды қамтыды (мысалы, микроқаржылық қызмет — 1.53.1-тармақ). Микроқаржылық қызмет лицензиялық алымдар кестесінің 1.46.1-тармағында көрсетілген. 616-бап 4-тармақ

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Алымды есептеу үшін АЕК мөлшерін қай күнге алу керек?
    — АЕК мөлшері алым төленген күнге қатаң айқындалады (616-бап 1-тармақ).

  2. Алкогольді бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияны қайта ресімдегені үшін алым қанша болады?
    — Алымның тиісті бастапқы мөлшерлемесінің 10%-ы (616-бап 4-тармақ кестенің 3.1-тармағы).

  3. Жеке деректерді өңдеу орталығы жоқ цифрлық майнингке лицензия бергені үшін алым мөлшерлемесі қандай?
    — Алым мөлшерлемесі 5 АЕК құрайды (616-бап 4-тармақ кестенің 1.79-тармағы).

  4. 616-бапта алымдарды төлеу мерзімдерін қай жерден көруге болады?
    — 616-бапта төлеу мерзімдері белгіленбеген, бап тек мөлшерлемелердің мөлшерлерін қамтиды (616-бап).

  5. Шетелдік автотасымалдаушы ҚР аумағына кірген немесе транзитпен өткен кезде қандай алым төлейді?
    — Алым мөлшерлемесі 30 АЕК құрайды (616-бап 2-тармақ 2-тармақша).

AI-ға сұрақ қою →
.