613-бап. Алым төлеушілер

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыру кезінде алымдар алу көзделген әрекеттерді олардың мүдделері үшін жасайтын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері алым төлеушілер болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым төлеушілер болып табылмайды.

AI-ға сұрақ қою →
.