609-бап. Салықты есептеу тәртібі
Баптың ресми мәтіні
1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, әрбір салық салу объектісіне осы Кодекстің 606-бабында айқындалған тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін қоса алғанда пайдалануға берілген кезде ойын бизнесі салығы – белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін қоса алғанда шығып қалған кезде ойын бизнесі салығы – белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.