604-бап. Құнның шекті мөлшерінен асқан кезде салықты есептеу мен төлеу тәртібі

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Жеке тұлғалардың осы Кодекстің 599-бабының 1) тармақшасында көзделген, олар бойынша салықтық база құнның шекті мөлшерінен асатын салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.

Салықты есептеу салықтық кезең үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) салық төлеушіде салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына меншік құқығында бар барлық салық салу объектілері бойынша салықтың жиынтық сомасы салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады;

2) салықтық базаға енгізілген әрбір салық салу объектісі бойынша салық сомасы мынадай формула бойынша айқындалады: салықтың жиынтық сомасы * салық салу объектісінің құны/салықтық база.

2. Салық төлеу салық салу объектілерінің тұрған жері бойынша бюджетке салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

AI-ға сұрақ қою →
.