601-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Жеке тұлға, оның ішінде жеке практикамен айналысатын адам кәсіпкерлік қызметте (жеке практикаға байланысты қызметте) пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы Кодекстің 64, 65 және 66-тарауларында айқындалған тәртіппен осы салық түрі бойынша салықтық есептілік ұсынады.

Осы Кодекстің 599-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектілері бойынша салықтық база осы Кодекстің 591-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалады.

Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін салықтық база осы Кодекстің 600-бабына сәйкес айқындалатын және салықты есептеуді салық органдары жүргізетін тұрғынжай және басқа да объектілер, сондай-ақ осындай тұрғынжайлар және басқа да объектілер тек қана тұру мақсаттары үшін жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған деген шарттар сақталған кезде, осындай тұрғынжай және басқа да объектілер алып жатқан жер учаскесі кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері деп танылмайды.

AI-ға сұрақ қою →
.