60-бап. Салықтық мөлшерлеме
Баптың ресми мәтіні
1. Салықтық мөлшерлеме – салық салу объектісінің немесе салықтық базаның өлшем бірлігіне есептегендегі салықты және бюджетке төленетін төлемді есептеу бойынша салықтық міндеттеменің шамасын білдіреді.
2. Салықтық мөлшерлеме пайыздармен немесе абсолюттік сомада белгіленеді.