6-бап. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу тәртібіне байланысты ұғымдар

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу тәртібіне байланысты ұғымдар:

1) арнаулы салық режимі – салық төлеуші осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтаған кезде салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен өзгеше, жекелеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібі;

2) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі – осы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеудің, төлеудің базалық тәртібі.

AI-ға сұрақ қою →
.