594-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен есептейді және төлейді.

Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін, егер салық салу объектісі:

салықтық база осы Кодекстің 600-бабына сәйкес айқындалатын тұрғынжай болып табылған және салықты салық органдары есептеген;

тек қана тұру мақсатында жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған жағдайларды бір мезгілде сақтаған кезде мұндай объект кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектісі деп танылмайды.

AI-ға сұрақ қою →
.