577-бап. Елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер
Баптың ресми мәтіні
Елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Қалалар: | |||
1. | Алматы | 28,95 | 0,96 |
2. | Шымкент | 9,17 | 0,58 |
3. | Астана | 19,30 | 0,96 |
4. | Ақтау | 9,65 | 0,58 |
5. | Ақтөбе | 6,75 | 0,58 |
6. | Атырау | 8,20 | 0,58 |
7. | Жезқазған | 8,20 | 0,58 |
8. | Көкшетау | 5,79 | 0,58 |
9. | Қарағанды | 9,65 | 0,58 |
10 | Қонаев | 9,17 | 0,58 |
11. | Қостанай | 6,27 | 0,58 |
12. | Қызылорда | 8,68 | 0,58 |
13. | Орал | 5,79 | 0,58 |
14. | Өскемен | 9,65 | 0,58 |
15. | Павлодар | 9,65 | 0,58 |
16. | Петропавл | 5,79 | 0,58 |
17. | Семей | 8,68 | 0,58 |
18. | Талдықорған | 9,17 | 0,58 |
19. | Тараз | 9,17 | 0,58 |
20. | Түркістан | 7,79 | 0,39 |
21. | Алматы облысы: | ||
22. | облыстық маңызы бар қалалар | 6,75 | 0,39 |
23. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
24. | Ақмола облысы: | ||
25. | облыстық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
26. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,02 | 0,39 |
27. | Облыстық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы | 0,39 |
28. | Аудандық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы | 0,19 |
29. | Кенттер | 0,96 | 0,13 |
30. | Ауылдар | 0,48 | 0,09 |
Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.