574-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Темiржолдар, оқшаулау белдеулерi, темiржол станциялары, вокзалдар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен темiржол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiржол көлiгiнің ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.

2. Электр беру желiлерi балансында бар энергетика және электрлендiру жүйесiнің ұйымдары үшiн электр беру желiлерiнің тiректерi мен кiшi станциялар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары балансында бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

4. Радиорелелiк, әуе, кәбілдiк байланыс желілерi балансында бар байланыс ұйымдары үшiн байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

AI-ға сұрақ қою →
.