559-бап. Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу ерекшеліктері
Баптың ресми мәтіні
1. Мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бір мезгілде мынадай:
осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу;
осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың жұмыскерлеріне есептелген, төленген төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттерін орындайтын өзінің құрылымдық бөлімшелерін және (немесе) аумақтық органдарын өз шешімімен әлеуметтік салық төлеуші деп тануға құқылы.
2. Мемлекеттік мекемелердің салықтық кезең үшін есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.
3. Салықтық кезең үшін осы баптың 2-тармағында көрсетілген төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кету сомасы келесі салықтық кезеңге ауыстырылады.