554-бап. Акцизден босатылған акцизделетiн тауарларды импорттау

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Жеке тұлғалар ЕАЭО-ның кеден заңнамасында (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциздер салынбайды.

2. Мынадай:

1) халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын жолда жүру уақытында және аралық аялдама пункттерінде пайдалану үшін қажетті;

2) ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүлінуі салдарынан бұйымдар және материалдар ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған;

3) шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың жеке пайдалануы үшін әкелінген импортталатын акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төлеуден босатылады;

4) ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы алып өтілетін, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімін қоспағанда, ЕАЭО-ның кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рәсімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында акциз төлеуден босатылатын импортталатын акцизделетін тауарлар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа);

6) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кесте бойынша азаматтық әуе авиатасымалдарын жүзеге асыруға арналған ұшақтар акциз төлеуден босатылады.

AI-ға сұрақ қою →
.