550-бап. Акциз төленетін жер

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, акцизді төлеу салық салу объектісінің тұрған жері бойынша жүргізіледі.

2. Бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілер акцизді салық салуға байланысты объектілердің тұрған жері бойынша төлейді.

3. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарлар импортталған, осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарлар ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталған жағдайда, сондай-ақ осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған кезде акцизді төлеу акцизді төлеушінің тұрған (тұрғылықты) жері бойынша жүргізіледі.

AI-ға сұрақ қою →
.