512-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Мыналар ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:

1) осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар;

2) тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар:

резидент – заңды тұлға;

егер ол шарттың (келісімшарттың) тарапы болып табылса, резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

егер резидент-заңды тұлға мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тауарларды алушы болып табылса, осындай заңды тұлғаның тиісті шешімі негізінде резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

қызметін құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлға;

Қазақстан Республикасында қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға;

қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға;

сенімгерлік басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлік басқару шарттары бойынша қызметін жүзеге асыру шеңберінде тауарларын импорттайтын сенімгерлік басқарушылар;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдар; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер;

жеке практикамен айналысатын, нотариаттық қызметті, атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметті, медиатордың кәсіби қызметін жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын тұлғалар;

кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлға. Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.

AI-ға сұрақ қою →
.