510-бап. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара қатынас

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепті салықтық кезеңнің соңында өсу қорытындысымен декларация бойынша қалыптасқан, есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрі осы баптың мақсатында – салықтың асып кету сомасы) қосылған құн салығы (бұдан әрі осы баптың мақсатында – салық) бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылады.

Салықтың асып кету сомасы импортталатын тауарлар бойынша және (немесе) бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде салық төлеу есебіне есепке жатқызылмайды.

2. Мыналар:

1) осы Кодекстің 10-тарауының 1-параграфына сәйкес бюджетке артық төленген салық;

2) осы Кодекстің 10-тарауының 2-параграфына сәйкес салықтың асып кету сомасы;

3) осы Кодекстің 10-тарауының 3-параграфына сәйкес өзге де негіздер бойынша салық бюджеттен қайтаруға жатады.

3. Салық төлеушінің тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер бойынша:

осы Кодекстің 496-бабының 2-тармағында көзделген шарттар орындалмаған жағдайда, салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару күніне;

осы Кодекстің 439-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін қалыптасқан салықтың асып кету сомасы есептен шығаруға жатады.

Салық төлеушінің жеке шотынан салықтың асып кетуін есептен шығару уәкілетті орган айқындаған жеке шотты жүргізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

AI-ға сұрақ қою →
.