497-бап. Адвокат адвокаттық кеңсе арқылы заң көмегін көрсеткен кезде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Адвокаттық кеңсені өзі дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокат заң көмегін көрсеткен кезде осындай адвокаттық кеңсе жасаған шарттар бойынша шот-фактураны адвокаттық кеңсе:

1) сенім білдірілген өкіл үшін бөлініп берілген жолда – өз деректемелерін;

2) өнім берушіге (сатушыға) бөлініп берілген жолда – заң көмегін көрсету туралы шарт бойынша заң көмегін көрсеткен әрбір адвокаттың деректемелерін көрсете отырып, өз атынан жазып береді.

2. Осы бапқа сәйкес жазып берілетін шот-фактурада:

1) айналымның жалпы сомасы;

2) заң көмегін көрсету туралы шарт шеңберінде заң көмегін көрсеткен әрбір адвокатқа тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.

AI-ға сұрақ қою →
.