478-бап. Мүлікті қаржы лизингіне беру

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Мүлікті қаржы лизингіне беру, егер мұндай беру осы Кодекстің 213-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келсе, лизинг берушінің алуына жататын сыйақы сомасы бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.

2. Мынадай шарттардың біреуі сақталған кезде:

1) берілетін мүлік осы Кодекстің 474-бабы бірінші бөлігінің 29) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса;

2) берілетін мүлік осы Кодекстің 508 немесе 509-баптарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығы төлене отырып импортталса, осы Кодекстің 213-бабының талаптарына сәйкес келетін, мүлікті қаржы лизингіне беру сыйақы сомасы есепке алынбай, барлық кезеңдік лизингтік төлем сомасы бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.

AI-ға сұрақ қою →
.