463-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым мөлшері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым мөлшері төлем көзінен ұстап қалуға жататын корпоративтік немесе жеке табыс салығын қоса алғанда, осы Кодекстің 454-бабының 1-тармағында көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу құны негізге алына отырып айқындалады. Бұл ретте сатып алу құны:

орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі;

орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған кезде – жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын өзге де құжат негізінде айқындалады.

2. Алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым айналымды жасау күніне белгіленген валютаның ресми бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.

AI-ға сұрақ қою →
.