434-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын, оқуға байланысты стипендиялар, төлемдер және өтемақылар түріндегі кірісті азайту
Баптың ресми мәтіні
Төлем көзінен салық салуға жататын, оқуға байланысты стипендиялар, төлемдер және өтемақылар түріндегі кіріс мынадай кірістерге азаяды:
1) білім беру ұйымдарында оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде төленетін мемлекеттік стипендиялар;
2) білім беру ұйымдарында оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төленетін Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы стипендиялары мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары;
3) білім беру ұйымдарында білім алып жатқан адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік атаулы стипендиялар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарын оқытуды және олардың тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды төлеуге арналған төлемдер;
5) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген мөлшерлерде жол жүру шығыстарының өтемақылары;
6) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі білім беру ұйымдарында оқитын адамдарға төленетін стипендиялар мен гранттар.