431-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын біржолғы зейнетақы төлемдері, зейнетақы төлемдері түріндегі кірісті азайту

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Төлем көзінен салық салуға жататын біржолғы зейнетақы төлемдері, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс мынадай кірістерге азайтылады:

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы жинақтарынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақылар;

3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдері;

4) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемдер.

AI-ға сұрақ қою →
.