428-бап. Салық агентінен өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, мынадай:

1) қайта бағалау ескерілмеген мүліктің баланстық құны мөлшерінде айқындалады. Осындай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда – мүліктің жеке тұлғаға берілуіне негіз болған шартта немесе өзге де құжатта айқындалған мүлік құнының мөлшерінде;

2) жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты салық агентінің шеккен шығыстары мөлшерінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны;

3) жеке тұлға алған және салық агенті төлеген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны;

4) кешірудің (есептен шығарудың) жүргізілуіне негіз болған құжатта айқындалған, кешірілген (есептен шығарылған) борыштың немесе міндеттеменің сомасы;

5) заңды тұлғаның жарғылық капиталының құрамында қайта бағалаудан болған құн өсімі есебінен заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы жүргізілген заңды тұлғаның жарғылық капиталына салымның ұлғаюы мөлшерде айқындалады.

AI-ға сұрақ қою →
.