427-бап. Салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Салық агентіне тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден жеке тұлғаның алған кірісіне дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (мүліктік кірістен басқа) бойынша салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін;

2) жеке тұлға салық агенті алдындағы берешекті өтеу есебіне берген (орындаған, көрсеткен) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны түрінде алған кірісі жатады.

AI-ға сұрақ қою →
.