421-бап. Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясында есептелген жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша тарату декларациясында есептелген жеке табыс салығын төлеу осындай декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.

2. Дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша тарату декларациясында есептелген жеке табыс салығын төлеу таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.

AI-ға сұрақ қою →
.