410-бап. Әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімінің ерекшеліктері
Баптың ресми мәтіні
Жеке тұлға әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжаттың негізінде, неғұрлым кешірек болатын мынадай күндердің біріне:
1) жарналарды есептеу күніне;
2) жарналарды төлеу күніне тұспа-тұс келетiн салықтық кезеңде қолданады.